Жаңалықтар

Оқушылармен рухани құндылықтар жөнінде әңгімелесті

Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, Махамбет ауданы Е.Ағелеуов атындағы орта мектебінің оқушыларымен «Зайырлы мемлекет және рухани құндылықтар» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының мамандары және АТТ мүшелері Ұ.Төлегенов, Ж.Дүйсембаев қатысты.

Орталық мамандары елімізге, зайырлы мемлекетімізге нұқсат келтіретін дәстүрлі емес діни ағымдар жөнінде ақпарат берді. Топ мүшесі Ұ.Төлегенов өз кезегінде мемлекетке қажетті нағыз азаматтар құқықты қару етіп ұстана білумен қатар, руханияты, патриотизмі өте жоғары деңгейде болуы керектігін, адамның рухани бай болуы санасының жоғарылығынан, әділеттілік үшін күресте белсенділігінен, өзгелерге қайырымдылығы мен ізгі ниеттілігінен көрініс беретінін айтып өтті.

Жиын барысында орталық мамандары оқушыларға еліміздің зайырлылық қағидаттарына нұқсан келетін діни ағымдардың шығу тарихы мен олардың қалай ажыратып сақтану керектігін және ҚР Әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-490 баптары түсіндірілді. Жиын соңында қатысушыларға ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close