Жаңалықтар
Атыраулық теологтар марапатталды
Рухани келісім күніне орай, Атыраудағы «Шапағат» қоғамдық қорының директоры Мұрат Аяпұлы, Ербол Жаулин, теолог мамандары Аман Уразов, Мұхиддин Омаров, Ернар Абзалов, Қатеп Миланбек ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің алғыс хатымен марапатталды.
Алғыс хатта: «Конфессияаралық келісімдерді үйлестіруде және ұлттар арасындағы татулық пен жарасымдылықты қалыптастыруда Өзіңіз ерекше үлес қосып жүрсіз. Егемен еліміздің рухани-мәдени дамуы жолында Сіз атқарған істер жас ұрпаққа тағылым мен тәрбиеге тәлім болмақ. Тәуелсіз Қазақстан құндылықтарының бастауы этносаралық, дінаралық келісім үлгісін жүзеге асырудағы парасаттылығыңыз бен іскерлігіңіз үшін алғыс білдіреміз» делінген.
durbi.kz