Жаңалықтар

«Діни радикализмнің алдын-алу мәселелері»

Аталған тақырыпта Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы Атырау энергитика және құрылыс колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Аталған шараға Ауған соғысының ардагері, АТТ мүшесі Шакиров Толыбай, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Сариев Сұлтан және Сириядан «Жусан» операциясымен елімізге оралған отбасы мүшесі Еркінбай Перизат қатысты.

Теолог С.Сариев тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жастар діни білім алу мақсатында шетелдік оқу орындарына көптеп барғаны белгілі екенін атап өтті.

-Шетелден білім алған жақсы әрине, жастардың жан-жақты шыңдалуына жақсы тәжірибе. Бірақ дәл діни білім алуға келгенде қауіптенуіміз орынды. Себебі, шетелде діни білім алған жастар қауіп көзіне айналуда. Дін үйренемін деп кетіп, олардың діни танымын, діни тәжірибесін, сол елдердің ұлттық мәдени құндылықтарын алып келуде. Ең өкініштісі, сол идеологияны өздерімен бірге елге әкеліп, басқа жастардың санасын улауда. Сондықтан, діни білім ізденгенде арнайы Қазақстанда бекітілген дін мамандарынан, теологтардан кеңес алуға шақырамын – дейді теолог.

П.Еркінбай Сириядағы басынан кешкен қиындықтарын айта отырып, жастық шақтың қанша уақытын жоғалтқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар студенттерге соқыр сенімнің жетегінде кетпей, ата-ананың, бауырлардың, отанның, білім алудың, уақыттың қадірін түсіну керектігін еріксіз көзіне жас алып, жеткізді. Шара соңы қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, оған толыққанды жауаптар берілді.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close