Жаңалықтар

Теолог медициналық колледж студенттерімен кездесті

Атыраудағы «Медицина» жоғарғы колледжінде студенттермен діннің дәстүрлі және теріс бағыты айырмашылығын түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теолог маманы М.Рустамқызы салафизм ағымының кітаптарын, уағызшыларын, қоғамда қалай ажыратуға болатынын түсіндіріп берді.

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының маманы, қақтығыс аймағынан елімзге оралған отбасы мүшесі А.Тергеусізова өзінің салафизм ағымында жүріп көрген қиындықтарын айтып берді. Сирия аймағындағы ислам дініне сай келмейтін дүниелермен бөлісті.

Медицина колледжінің тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Т.Айдынғалиев студенттерге дұрыс білім алу арқылы діни сауатсыздықты алдын алуға болатынын атап өтті. Кездесуге 35-ке жуық студент қатысып, сұрақтарын қойып, өздеріне қажет мәлімет алды.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close