Көкейкесті

САРАПШЫ: «РАДИКАЛИЗМДІ ТОЛЫҚТАЙ ЖЕҢУ МҮМКІН ЕМЕС»

2019 жылдың қазан-қараша айлары дін саласында атышулы оқиғаларға толы болды. Атап айтсақ, Сириядан эвакуацияланған 14 қазақстандықтың соты, ДАИШ ұйымы содырларының экс-жарларының БАҚ-қа берген сұқбаты. Дінге сенушілердің радикалдануына қандай себептер бар, қазақстандықтардың әлемнің ыстық нүктелеріне кетуіне қандай күштер ықпал етуде деген сауалдар төңірегінде  сарапшы Асылбек Снадинмен болған сұқбатты назарларыңызға ұсынамыз.

–  Сирияға кеткен қазақстандықтар қандай діни мотивтерге бой алдырды?

–  Сирияға аттанғандардың көбісі шынымен дінге сеніп, шариғат заңдарын ұстанғанмен детструктивті ағым идеологияларының ықпалында болды. «Жусан» гуманитарлық  операциясы бойынша елімізге оралғандар, соның ішінде террорлық әрекеті үшін сотталғандардың көпшілігі салафиттік ағым жақтаушылары. Қазақстандықтардың радикалдануына салафизм орасан әсер етті, оның ішінде ТМД елдерінің азаматтары да бар. Қазақстандағы діншілдер бұдан әрі радикалданбасын десек,  салафизм ағымының жалған идеологиясын таратушыларға тосқауыл болатын профилактикалық жұмыстарды жүргізгеніміз дұрыс. Әсіресе ислам дінін тануға ұмтылып жүрген  жастармен белсендірек жұмыс істеген жөн.

– Біздің қоғамның радикалдануына әсер етіп отырған маңызды себептерді  атап берсеңіз?

– Адамдарды радикалды жолға итермелейтін маңызды себептерді бөліп айту қиындау. Әрбір сарапшы өзінің теориялық және практикалық тәжірбиесіне сүйене отырып, түрлі себептерді  алға тартады. Көп жағдайда радикалдануға халықтың экономикалық, әлеуметтік жағдайы мен діни сауатының төмендігімен байланыстырады. Азаматтарымыздың радикалдануын кешенді себептерден бөлек, аймаққа бөле отырып қараған дұрыс. Бәріне ортақ әмбебап себептерді айту қате. Әр аймақтың өзіне тән ерекшеліктері болады. Мемлекет радикалданумен күресіп жатыр, бірақ процесс жастар арасында жалғасуда. Бұған 2008 жылдан бері жүргізіліп жатқан зерттеулер куә. Терроризм және экстремизм үшін сотталғандардың максималды өсімі 2016 жылы тіркелді, бұл кезеңде біздің азаматтарымыз Таяу Шығысқа жаппай шығып жатқан кез болатын.

– Жуырда ғана ҚАЖК басшысы радикалды көзқарастағы 300 сотталушының дәстүрлі көзқарасқа оралғанын мәлімдеді. Практикада мұндай жағдай орын алу мүмкін бе? 

– Кәсіби мекеменің мәліметіне сенсек, қазіргі таңда түзету жүйесінде діни экстремизм мен терроризм үшін 700 қазақстандық жазаларын өтеуде. Ал 300 адамның көзқарасын өзгертуі таңғаларлық жағдай. Оның үстіне мұндай мәлімдеме жоғары трибуналардан айтылуда. Шынын айтсам мен мұндай статистикаға күмәнмен қараймын, себебі, оңалту саласында мол тәжірбиеге ие  кәсіби теологтардың жетпейтіні баршаға белгілі. Теорияда кез келген  жат ағым жақтаушысы көзқарасын өзгерткені туралы ашық мәлімдей отырып, ары қарай бұрынғы канондарымен өмір сүре беруі мүмкін.

– Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының кадрларын ҚАЖК-ның реабилитациялық жұмысына қалай жұмылдыруға болады?

– Білуім ше, облыстағы уәкілетті имамдар жергілікті қылмыстық түзету жүйесінің оңалту жұмыстарына белсенді жұмылдырылған, дәріс өткізу үшін сотталушылармен кездесіп тұрады. Дегенмен мұндай жұмыстарға ақша төленбейтіндіктен, имамдар тарапынан қызығушылыққа ие емес.  2018 жылы дін істері Комитеті және ҚМБД «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті унверситетінде оңалту жұмысын атқарушы кадрлардың кәсібилігін жоғарылату орталығы ашылғанын мәлімдеген болатын. Бұл өз кезегінде реабилитациялық жұмыспен айналысатын имамдар мен теологтардың кәсібилігін көтеруде жақсы платформаға айналады деп сенемін.

Сұқбаттасқан С.Біләлов

ult.kz

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close