Жаңалықтар

Мұсылманмын деп жүрген «діндар» адам сабады

Durbi.kz.  Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласының №5 ықшам ауданында жаяу жүргіншілер жолағында болған ұрыстың соңы төбелеске ұласты. Жаяу жүргіншіге жол бермей, одан қалса көлігінен түсе сала оны сабаған көлік иесі кім болды? Бұл туралы Бөрлі ауданы полиция бөлімінің ақпараты не дейді?

1965 жылғы С.С. есімді жаяу жүргіншіні сабап, оған дене жарақатын салған көлік иесі оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші көлік иесін анықтау мақсатында оқиғаны көрген куәгердің түсіріп алған суретін  әлеуметтік желіге салған.  (суретте)

Одан соң жәбірленуші С.С. Бөрлі аудандық полиция бөліміне келіп, Арменияда тіркеудегі «Тойота» жеңіл көлігінің жаяу жүргіншілер жолағында өзіне жол бермегенін, ескерту жасаған оған көлік иесінің ашу шақырып, бетінен бірнеше рет ұрып, дене жарақатын салғанын айтып, арызданған. Сондай-ақ жәбірленуші өзіне ашу-ызасын көрсетіп, ұрып кеткен көлік иесінің деструктивті діни ағым мүшесіне ұқсайтынын, сақалы бар, шолақ балақты шалбар киген адам екенін айтқан.

Ішкі істер қызметі органының іздеуімен С.С-ға жәбір көрсеткен адам анықталды. Ол Ақсай қаласында кәсібін ашып отырған Орал қаласының Ш.Ч. есімді тұрғыны болып шықты.

Жергілікті  емханаға қаралған жәбірленушіге «бет терісінің сыдырылып, жырылуы, беттің және мұрынның жұмсақ тінінің көгеруі, мұрыннан қан кетуі» деген диагноз қойылған.

Дәрігерлік- медициналық тексеру анықтамасы негізінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-1 бабы, 1-тармағы (денсаулыққа қасақана зақым келтіру) бойынша Ш.Ч.-ға әкімшілік  хаттама толтырылды.

Аталмыш бап бойынша әкімшілік жауапкершіліке тартылған адам 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді немесе 15 күнге қамалуы мүмкін.

Жаяу жүргіншілер жолағында тоқтамай, жүргіншілерге жол бермей, одан қалса көлігінен түсе сала адамды  соққыға жығуды қалай түсінеміз? Бұл Қазақстан Республикасының Заңына бағынбау емес пе?

«Дүрбі»

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close