Жаңалықтар

Теолог Мақат ауданында дәріс оқыды

Мақат аудандың №2 бастауыш мектебінде өткен кездесуде Мақат ауданының АТТ мүшесінің құрамы Мыңтұрғанов Қуат: «Қазір бізде зайырлылықты атеизм ретінде танытқысы келіп, мемлекетке оның конституциялық құрылымына қарсы психологиялық наразылықтағы жастардың бар екендігі байқалады. Зайырлылықты исламға жат не оған қарсы құбылыс ретінде көреді. Себебі оларда зайырлылықтың ұстаным екендігі туралы танымдық білім жоқ яки кем. Бұған былайша жауап беріп көрейік, зайырлылық құбылыс яғни, идеология болса, онда дінмен салыстыруға болады. Немесе зайырлылық өз алдына дін болса, онда жастарымыздың оған қарсы психологиялық наразылық танытуы, өзінің діни сенімін қорғау мақсатында мемлекетке оппозиялық мінез танытуы обьективті тұлғалық қасиет саналар еді. Бірақ зайырлылық дін емес, зайырлылық идеология да емес, зайырлылық идея да емес, ол құрал, ол ұстаным» дейді.

Ал келесі АТТ құрамының мүшесі Төлешқалиев Есенжан: «Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Бір ұлтты екіншілерінен ерекшелендіріп тұратыны оның: тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және батырлар жырлары, әдет- ғұрпы, салт-санасы, менталитеті, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі – ұлттық құндылықтарға жатады. Біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды қалай сақтап жүрміз дейтін болсақ, өкінішке қарай, өте нашар сақтап жүрміз. Кеңес кезінде көптеген ұлттық құндылығымызды «ескінің қалдығы» деген сылтаумен көзін құртпақ болса, қазыргі кезде қой терісін жамылған қасқырлардай миссонерлер мен түрлі діни ағымдардың пиғылы жастарды шатастырып, халықты адастырып жүрген жайлары бар» – дейді.

Сонымен қатар, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының теологы Сұлтан Сариев жалған діни ағымдардан сақтанудың жолдары мен зияндарын түсіндірді. Түсіндіру жұмысы аранайы көрнекі құрал арқылы жүргізілді.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close