Жаңалықтар
Теолог шекарашы сарбаздармен кездесті
Атырау қаласы ҚР ҰҚК шекара қызметі «2201-Г» әскери бөлімі сарбаздарына «Дін саласындағы құқықтық қарым – қатынасты белгілейтін нормативтік-құқықтық актілердің негізгі талаптары» жайлы мәліметті жеткізу мақсатында кездесу өтті.
Аталған шараға «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теолог маманы Шүкіріддін Темірқұлұлы қатысты. Ол дін саласындағы құқықтық қарым – қатынасты белгілейтін нормативтік-құқықтық актілердің негізгі талаптары жайында әңгіме өрбітті. Деструктивтік діни ағымдағылардың қателесуіндегі ең үлкен проблема «Иман» түсінігіндегі шектен шығушылық екендігін, яғни амалды иманның шарты деп бекітіп ғибадат жасамаған мұсылмандарды кәпірлікпен айыптау арқылы надандыққа қадам басатындығын сол себепті қоғамды сынай бастайтындығы кеңінен түсіндірді.
Кездесу соңында сарбаздар тарапынан көкейтесті сұрақтар қойылып, теолог тарапынан толық қанды жауаптар берілді.