Жаңалықтар

Екі қазақстандықтан коронавирус анықталды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлады baq.kz.

Оның сөзінше, екеуі де Қазақстан азаматы. Ұшақпен келген адамдардың барлығы анықталып, карантинге жатқызылатын болады. Сырқаттар қазір Алматыда.

Құрметті қазақстандықтар, өздеріңізге мәлім 3 айдан бері денсаулық сақтау министрі инфекцияның елімізге тарамауы үшін көп жұмыстар жасады. Өкінішке орай, бүгінгі ақпарат бірнеше рет тексерілгеннен кейін коронавирустық инфекция табылды. Германиядан келген қазақстандық 2 азаматтан коронавирус инфекциясы табылды. Бас санитарлық дәрігер қаулысымен бұл пациенттер карантиндік стационарға жатқызылды. Бекітілген алгоритим бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде пациенттер жағдайы жақсы, – деді Біртанов.

Сондай-ақ, министр ұшақпен бірге келгендердің тізімі министрлікте бар екенін айтты. Барлығы карантинге жатқызылады.

Қазір 9 наурыз күні келген рейстің адамдары анықталуда, ол жолаушыдар да карантинге алынады. Адамдар көп жиналатын жерлерді жабуды да жоққа шығармаймыз. Өйткені басты қауіп адам көп шоғырланған жерде болады. Екінші борт толығымен карантинде, тағы бір айтам, бірінші борт медициналық бақылауда, – деді Елжан Біртанов.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close