Жаңалықтар
Наурыз мерекесі кезінде теракт жасамақ болған
2020 жылғы 13 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел- іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы қаласында «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) халықаралық террористік ұйымы идеологиясын ұстанушыны ұстап, сот санкциясымен қамауға алды, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Тұтқындалған адам Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде халық көп шоғырланған орындарда теракт дайындады деген күдікке ілінді. Тергеу іс-қимылдары барысында одан екі жауынгерлік граната алынды.
Көрсетілген адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 255 (Терроризм актісі) және 258 (Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік) баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Тергеу жалғасуда.
durbi.kz