Жаңалықтар
Қазақстандық әйел коронавирустан қайтыс болды
«Құрметті отандастар, бұл шұғыл брифинг. Өкінішке қарай, Қазақстан азаматы коронавирустан қайтыс болды. Жақындары мен туыстарына шын көңілден қайғырып көңіл айтамыз. Бұл орны толмас қаза, барлығымыз ауыр қайғыдамыз. Ертең Нұр-Сұлтан қалалық Денсаулық сақтау басқармасы медициналық мәліметтерді қосып, толық мәлімет береді. Бұл жағдай коронавирустың қаупін тағы да ескертіп отыр. Қазір болып жатқанның бәрі барлығымызға сын», – деді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар 24» арнасының эфирінде.
Бұл – коронавирустың жаңа түрінен Қазақстанда тіркелген алғашқы өлім.