Жаңалықтар

Атырау облысында коронавирус анықталған бесінші адам – жергілікті тұрғын

Бүгін Атырау облысында коронавирус жұқтырудың бесінші оқиғасы тіркелді. Әйел адам оқшауланып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарланды coronavirus2020.kz сайтында.

Ал Атырау облысының өңірлік коммуникация қызметі таратқан ақпаратта әйел адамның №3 қалалық емхананың қызметкері екені айтылды. Медбике «Алматы-Атырау» рейсімен келген қыз баладан қанға сынама алғаны белгілі болды. Тест арқылы вирустың жұққаны расталған соң медбикемен байланыста болған 27 адам карантинге жатқызылды.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы №3 емхана 30 наурыз, дүйсенбіден бастап қашықтан жұмыс жасауға көшетінін, онда толық дизенфекция жұмысы өтетінін хабарлады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырау облысында төрт адам коронавирус жұқтырған еді. Барлығы да стационарлық карантинде жатыр.

Кеше, 27 наурыз күні Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған үш адам анықталды. Бірінші науқас – 21 наурызда Нұр-Сұлтан қаласынан Атырауға келген. 26 наурызда ЖРВИ белгілерімен одан анализ алынған. Нәтижесінде инфекция жұқтырғаны анықталды. Екінші науқас – 17 наурыз күні Ыстанбұлдан Алматыға, осыдан кейін Алматыдан Атырауға ұшып келген. Нұр-Сұлтанда Ыстанбұлдан Алматыға келгендердің арасынан инфекция жұқтырған адам табылғаны белгілі. Соған байланысты қарым-қатынаста болғандардан анализ алынып, нәтижесінде Атырауға келген адамның инфекция жұқтырғаны анықталған. Ал үшінші науқас – Амстердамнан 26 наурыз күні Атырауға келген. Ол бірден карантинге жатқызылып, анализ алынып, тест нәтижесі оның да инфекция жұқтырғанын анықтаған.

durbi.kz

 

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close