Жаңалықтар

Желіде бөліскен уағызыңыз сотқа жеткізбесін (ВИДЕО)

Durbi.kz. Атырау облысында Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңын бұзу фактісі бойынша 100-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. 

Атырау облысының Дін істері басқармасы құқықбұзушылыққа барған тұлғаларға әкімшілік хаттамалар толтырып, әкімшілік сотқа тиісті жаза қолдануға жіберуде.

2020 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 1,3-тармағы бойынша, яғни діни мазмұндағы әдебиеттерді заңсыз таратқаны үшін 1 адамға сот шешімімен 50 АЕК (132 550 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, осы кодекстің 453-бабы бойынша, яғни діни алауыздықты шақыруға бағытталған және экстремизм мен терроризмді насихаттауға шақыратын материалдарды интернет арқылы таратқан 14 адамға сот шешімімен 20 АЕК (53 020 теңге) көлемінде айыппұл  салынды. Қазір 100-ге жуық іс әкімшілік өндірісте.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close