Жаңалықтар
Прокуратура органдары шағымдар мен арыздарды қолма-қол қабылдаудың тоқтатылғанын хабарлайды
Орал қаласы прокуратурасы хабарлайды!
Қазіргі уақытта коронавирустың таралу қаупін азайту мақсатында, прокуратура органдары шағымдар мен арыздарды қолма-қол қабылдаудың тоқтатылғанын хабарлайды.
Өтініштерді «Қазпочта» АҚ-ның кез-келген бөлімшесінен жіберуге, электронды-цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда www.egov.kz және bko.prokuror.gov.kz. сайты арқылы тапсыруға болады.
Жыл басынан бері Орал қаласы прокуратурасы 140-тан астам азаматты жеке қабылдады. Олардың 94-і жазбаша жүгінген.
Жалпы жеке және заңды тұлғалардан 300-тен аса өтініш келіп түскен. Олардың көпшілігіпрокуратурағатергеу, сот актілерін орындау, сонымен қатар алименттер мен қарыздарды өндіріп алу сұрақтары бойынша жүгініп отыр. Прокуратура органдарында олардың уәкілеттіктеріне сәйкес, заңбұзушылық туралы ақпараттан тұратын мәлімдеме, арыз және өзге де өтініштерге рұқсат етіледі.
Мысалға, қала прокуратурасымен О.Фадеевтің өтініші бойынша келтірілген дене жарақаттарымен көрініс тапқан бұзақылық іс-әрекеттер бойынша қозғалған қылмыстық істі тоқтату туралы қылмыстық қудалау органы қаулысының күші жойылды. Іс Орал қаласы полиция Басқармасы Абай полиция бөліміне қосымша тергеуге жолданды.
Азаматша Я.Акбулатоваға қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты мекенін анықтау туралы талап-арыз жазуға көмектесті.
Ескере кетсек, көптеген азаматтар тікелей прокуратураға жүгінеді. Нәтижесінде өтініштерді ведомстволық бағыныстылығы бойынша уәкілетті органға жөнелтуде уақыт жоғалтады. Өтініш берушімен көрсетілген сұрақты шешуге уәкілетті органға уақтылы арыз беру – оның мәселесінің тез арада шешілуінің кепілі.
Егер өтініште қойылған сұрақтарды шешу құзіреттілігіне кіретін уәкілетті органның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне өтініш беруші келіспеген немесе уәкілетті органдар шара қабылдамаған жағдайда міндетті түрде өтініш жазып, прокуратураға жүгінуі керек.Прокурордың халықпен жұмысы тек келіп түскен өтініштерді қараумен бітпейтінін білген жөн.
Жұмыстың тиімділігіне байланысты тұлғаларды қабылдау, өтініштерін қарау Орал қалалық Полиция басқармасымен бірлесе жүргізілуде.
Қабылдау қашан басталады?
Азаматтарды қабылдау төтенше жағдай алынғаннан кейін күнделікті жұмыс уақытында, сағат 9:00-18:30-ға дейін өткізіледі. Ішкі істер органдарының ғимараттарында, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында, арнайы қыбылдағыштарда, қабылдау-тарату орындарында бекітілген кестеге сәйкес кезекші прокурорларазаматтарды қабылдай береді.
Дина ИДРИСОВА,
Орал қаласы прокуратурасының аға прокуроры