Жаңалықтар

Баптистер төтенше жағдай режимін бұзды

Қарағанды облысында «Евангель христиан-баптистері халықаралық Одағы шіркеуі» елімізде жарияланған төтенше жағдай режимін бұзды. Бұл туралы NUR.KZ сайты (авторы Колмакова Виктория) хабарлайды.

Аталмыш шіркеу облыстың 3 қаласында діни рәсімдерін жасаған. 29-30 наурыз күндері Теміртау, Жезқазған, Сәтпаев қалаларында жиналған діндарлар саны 20-100 адамды қамтыған. Халық көп жиналған шіркеуде ешқандай санитарлық жағдай сақталмаған. Олар бетпердесіз, қолғапсыз болған және зарарсыздандыру құралдарын пайдаланбаған.

Қарағанды облысы Дін істері басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, ғимарат иелері мұндай діни рәсімді әр жексенбі күні өткізетіндерін айтқан және діни рәсімге қатысушылардан сұраған кезде ғимаратта ешқандай санитарлық жағдайдың сақталмайтыны белгілі болып отыр.

Аталмыш шіркеу басшылары үстінен әкімшілік құқықбұзушылық бабы бойынша хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Сондай-ақ еліміздегі төтенше жағдай кезінде құқықбұзушылыққа жол бергендер қатарында «Вефиль» евангель Христиан Баптистер шіркеуі»де бар.

Қарағанды облысы дін істері басқармасы облыстағы барлық діни ұйымдарға төтенше жағдай кезінде адамдар көп жиналатын діни рәсімдерді тоқтата тұру туралы хат жолдаған.

«Облыстағы барлық діни ұйымдар төтенше жағдай режимін бұзған жағдайда өздерінің әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны турады біледі» дейді басқарма.

«Дүрбі»

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close