Жаңалықтар
Аида Балаева Ақпарат және әлеуметтік даму министрі болып тағайындалды
Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Аида Балаеваның кандидатурасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрі қызметіне тағайындалуға мақұлданды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Мәжілісмендер бұл мәселені «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес қарады.
Кандидатураны Қазақстан Премьер-Министрінің атынан Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.
Отырыс қорытындысы бойынша Комитет Аида Ғалымқызы Балаеваны Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне ұсынды.
Мемлекет Басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды, делінеді Ақорда сайтында.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Абаев ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.
durbi.kz