Жаңалықтар

Атырау қалалық пробация қызметі бөлімінің инспекторлары қайырымдылық жасады

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір – біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. 

«Жақсылықтан басқаның бәріне қарсы тұруға болады»-дейді Ж.Ж.Руссо. Ал В.Скотт «Егерде адамдар бір-біріне көмектесуді үйренбесе, онда адамзат ұрпағы жер бетінен мүлдем жоғалады» деген екен.

Қасиетті Рамазан айында жақсылық жасап, қайырымдылыққа ұмтылған жандар көбеймесе азаяр емес. Соған орай Атырау қалалық пробация қызметі бөлімінің инспекторлары Асель Орнабиденова, Жарқынай Бақтиярова және ерікті волонтерлар бірлесе отырып Атырау қаласында тұратын көп балалы, мүгедек жаны бар, асыраушылары жоқ отбасыларға көмек көрсетті.

Қайырымдылық – жүрек жылуы, игілік. Көмекке негіз болған жанұялар шын жүректен разылығын айтты.Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!

durbi.kz

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close