Жаңалықтар

Президент халықты сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылады.

Бұл туралы Президент Тwitter-дегі парақшасында жазды.

-Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет, – деді Президент.

-Азаматтардың назарын жеке қауіпсіздік шараларын, оның ішінде, бетперде тағып, әлеуметтік қашықтық пен тазалық сақтаудың аса маңызды екеніне аударамын. Егер мұны ұстанбасақ, пандемияға қарсы күресте оң нәтиже болмайды, – деп жазды Мемлекет басшысы.

Президент қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалатынын айтты. Сондықтан ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді.

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close