Жаңалықтар

АТЫРАУДА COVID–19 ДЕРТІНЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМІ ЖОҚ АДАМДАР ЕМДЕГЕН

«WhatsApp» мессенджерінде Атырау қаласында қытай медицинасы туралы бейнеролик таратылған болатын. Бұл бейнероликте дәрігер антисанитарлық жағдайда COVID–19-ға инъекция жасайды.

Атырау қаласында да короновирусты инфекцияның симптомдарын емдеу және алдын-алу мәселерімен айналысатын клиника анықталды. Олар КВИ (пневмония) симптомдарын емдеу үшін фенол ерітіндісін қолдану арқылы инвазивті емдеу әдістерін пайдаланған.

Процедураларды медициналық білімі жоқ адамдар жүргізген (ҚХР-нда туған этникалық қазақтар).

Клиника сондай-ақ дәстүрлі емес медицинамен (инемен емдеу, массаж) лицензиясыз айналысқан. Тексеру барысында клиникада жарамдылық мерзімі өткен дәрі- дәрмектер мен Қытайда өндірілген тіркелмеген дәрілік препараттар табылды.

Аталған фактілер бойынша құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізуде.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close