Жаңалықтар

Иманғали Тасмағамбетов атыраулықтарға 26 млн. теңгеге дәрі-дәрмек алып берді

Durbi.kz. Белгілі қоғам қайраткері, Атырау өлкесінң тумасы Иманғали Тасмағамбетов қиын-қыстау кезеңде жерлестеріне қол ұшын созып, 26 450 000 теңгеге Астрахань қаласынан қазіргі таңда өте қажетті дәрі-дәрмектерді алдыртты.

Бір апта бұрын Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысхан халыққа дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы қалталы азаматтарға Үндеу жариялаған болатын.

Ресейден əкелінген халыққа ең қажетті дəрілерді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының рұқсат қағазы – рецепт арқылы мешіт басшылығы тарататын болады.  «Иман жастары» еріктілері арнайы бөлінген 10 көлікпен дәрі-дәрмекпен үйлерге жеткізіп береді.

Иманғали Тасмағамбетов бұл дəрілерді өзінің қызы Әсел Тасмағамбетованың «Сəби» қоры арқылы жіберіп отыр. Алдағы күндерде 70 миллион теңгеге ИВЛ аппараттарын алып бермек. Әсел Тасмағамбетованың күйеуі – Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің бірі Кеңес Рақышев медицина саласына демеушілік жасап келеді. «Сәби» қоры медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 2018 жылы «Шұғыл балалар хирургиясы» жобасын бастаған. Былтыр Алматыда, биыл Семейде ашылған екі ота бөліміне 422 000 000 теңге жұмсаған болатын.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close