Жаңалықтар

Қашықтықтан құрбандық шалған атыраулықтар ұйымдастырушыларға алғыс айтуда (ВИДЕО)

«Онлайн форматта құрбандық шалу — уақыттың үнемделуіне, өзге де ұйымдастыру жұмыстарының демде шешілуіне ықпал етті» дейді құрбандықты қашықтықтан шалған атыраулықтар.

Фарид-Гүлмира Галиахметовтер алғаш рет құрбандық шалып отырған отбасы.

«Жер үйде тұрсақ та, карантинге байланысты құрбандық шалуды ұйымдастыру жағын ойланып жүр едік.  qurban2020.kz сайты туралы оқығаннан кейін, онлайн тапсырыс бердік. Базарға барып, мал таңдап жүрудің өзі үлкен жұмыс. Біз уақытымызды үнемдедік» дейді отбасылық жұп.

Гүлмира Иманбаева атты Атырау қаласының тұрғыны онлайн құрбандық туралы ұлынан естігенін айтады.

«Мен үшін өте ыңғайлы формат болды. Қашықтықтан құрбандық шалу келесі жылы да ұйымдастырылса» дейді ол.

Атырау облысы бойынша Құрбан айт мейрамының алғашқы екі күнінде 229 уақ мал, 20 сиыр құрбандыққа шалынып, 1017 мұқтаж отбасыға құрбандық малының еті таратылды, деп хабарлады орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close