Жаңалықтар
Сирияға кетпек болғандар сотталды (ВИДЕО)
Түркістан облысында Жахангир Момышевпен досы Жахангир Хавасханов 5 жарым жылға сотталды. Бұл жайлы taunews.kz хабарлады. Олар халықаралық террорлық топтың құрамына қосылуды жоспарлапты. Айтуларынша, дінді интернеттегі шетелдік уағызшылардан үйренген.
Сол радикалды идеяның ықпалымен Түркияға кетеді. Бірақ, шекарадан өтіп үлгермепті. Қазір қапаста. Өкініп отыр. Бірақ, заңды білмеу жазадан құтқармайды.