Жаңалықтар
Дін саласындағы қажырлы еңбек иелері марапатталды
Биыл Тәуелсіз еліміздің Ата Заңының қабылданғанына 25 жыл толды. Қазақстан Республикасының өсіп- өркендеуі мен қауіпсіздігін сақтауда Конституциямыздың орны ерекше. Айтулы мереке қарсаңында еліміздің рухани өсіп- өркендеуі, бірлігі, ұлтаралық және дінаралық келісім мен татулықты сақтау жолында қажырлы еңбек етіп жүрген Қайролла Көшқалиев басқаратын Атырау облысы Дін істері басқармасының қызметкерлері мен облыстағы дін саласы мамандары марапатталды.
Олардың ішінде Атырау облысы Дін істері басқармасы Әкімшілік ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Набира Бисенғалиева ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медаліне ие болды.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нүкежановтың алғыс хатымен Атырау облысы Дін істері басқармасы діни бірлестіктермен байланыс, мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің бас маманы Ерлан Ерғалиев, Атырау облысы дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Үкілім Оразбаева, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек» орталығы баспасөз бөлімінің басшысы Жаннат Жұмағалиева марапатталды. Марапаттарды Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев табыстады.
Атырау облысының әкімі М. Досмұхамбетовтың алғыс хатымен Атырау облысы дін істері басқармасы діни бірлестіктермен байланыс, мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің бас маманы Данияр Ғалиден, Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының бөлім басшылары Дәурен Мұханбеталиев, Қалыбек Құбайдоллаев, осы орталықтың мамандары Аманжол Мағазов пен Әділбек Рашитов және «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек» орталығының теологтары Абылай Сәден мен Малика Рустамқызы, ал Атырау облыстық мәслихатының алғыс хатымен Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының басшысы Рүстем Сейтқалиев, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологтары Умар Ким, Сұлтангелді Сариев, Еламан Асқар, Шүкіріддін Темірқұлұлы, орталық маманы Ақылбек Таңбай және «Дүрбі» газетінің бас редакторы Ұлдай Қабошқызы марапатталды.
Марапат құтты болсын! Дін саласындағы қажырлы еңбектеріңіз жемісті болсын!
,