Жаңалықтар
«Ислам мемлекетін» қолдаған үш содырды Сауд Арабиясы өлім жазасына кесті
«Ислам мемлекеті» лаңкестік тобына (ҚР тыйым салынған ұйым) жақтас болып, полиция қызметкерлеріне шабуыл жасауды жоспарлаған үш экстремисті Сауд Арабиясының қылмыстық соты өлім жазасына кесті. Бұл туралы Al-Arabiya телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады.
Телеарна ақпараты бойынша, өлім жазасы айыпталушыларға «Ислам мемлекетін (ҚР-да тыйым салынған ұйым) қолдағаны және патшалық аумағында қауіпсіздік қызметкерлерін өлтіруді жоспарлағаны үшін» шығарылған.
Экстремистер Сауд Арабиясының Джидда қаласында полиция бөлімшелерінің жарылыстарын ұйымдастыруды жоспарлаған.