Жаңалықтар

Бір топ атыраулық Бас мүфтиден алғыс хат алды

Алғыс алғандардың арасында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, мемлекеттік қызметкерлер, Атырау облыстық орталық “Иманғали” мешітінің қызметкерлері, еріктілер мен кәсіпкерлер бар.

“Биыл еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, құрбан рәсімі Qurban2020.kz жобасы аясында қашықтықтан жүзеге асты. Облыс имамдары өздеріңіздің қолдауларыңызбен мұқтаж отбасыларға құрбандық етін таратты. Сонымен қатар, қарттар, балалар үйлері мен ауруханаға жеткізілді. Осынау ұйымдастыру жұмысына жанашырлық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін” делінген алғыс хатта.

Марапат иелеріне “Алғыс хатты” Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы тапсырды.

Марапат иелерінің қатарында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Хайролла Көшқалиев, Атырау облыстық орталық “Иманғали” мешітінің наиб имамы Мақсат Алпысбаев, Атырау қалалық Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров, Атырау облыстық орталық “Иманғали” мешітінің қызметкері Қайрат Тантаев, ұстаз Ерболат Боханов, орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-хатшысы Баян Жанұзақова бар.

Еске сала кетелік, Атырау облысында Құрбан айт кезінде барлығы 1211 мал құрбандыққа шалынып, 4016 отбасына ет таратылды.

Оның ішінде, Атырау қаласы және Жылыой ауданында құрбан айт кезінде  346 қой, ​ 152 тоқты, 58 ешкі, 21 ірі-қара  онлайн тапсырыс арқылы құрбандыққа шалынды. Осылайша, 43 мың тонна ет мұқтаж отбасыларға жеткізілді.

Ал, Махамбет, Мақат, Индер, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға аудандарында орталық мешіттер санитарлық талаптарды сақтай отырып, құрбандықтың офлайн режимде шалынуына мүмкіндік жасады.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

«Дүрбі»

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close