Боямасыз өмір

«Сириялық содыр» өзіне емделу керек екенін айтты

Kazislam.kz. 2020 жылдың мамыр айында Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары террористік ұйым құрамында болып, сотталған «сириялық содыр» Алмаз Нарбутиннің емделуге зәру екендігін жазған болатын. ДАИШ құрамында соғысқа қатысқан (ҚР аумағында тиым салынған террористік ұйым) А.Нарбутин бүгінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 257-бабының 2-бөлігі бойынша сотталып, Павлодар колониясында жазасын өтеп жатыр.

Бізбен сұқбатында А.Нарбутин бүгінге дейін ем алғанын, бірақ емді жалғастыру қажеттігін айтқан болатын. Бұрынғы көзқарасының қаншалықты өзгергені туралы біздің сұрағымызға Нарбутин анық жауап бере алмады.

Алмаз Нарбутин Сирияға 2013 жылы, дәстүрлі емес исламды қабылдағаннан соң кеткен. Сол кезде оның «жерлес жамағаттары» Сирияға соғысқа шақырған видеоларды таратып жатты. Ол Сирияға келген соң үш айдан соң  қарулы қақтығыста жамбас буынынан жарақат алады.

Нарбутин жарақатына қарамастан өзінің террористік әрекетін жалғастыра берген. Ол ДАИШ-қа ант беріп, соғыста байланысшы  болған, жаралыларды қарап, ине салған. Террористік қызмет аймағында 5 жыл болған.

2019 жылы Алмаз Нарбутин «Жусан» операциясы арқылы қайтарылған 595 Қазақстан азаматтарымен бірге елге оралды.Біз «Нарбутинді ашық емдеу мекемесінде емдеуге болады ма, болса, бұл айналасындағы адамдарға қауіпті емес пе?» деген сұрақпен мамандарға жолықтық.

Теолог Ерлан Уныйбаевтың айтуынша, Алмаз Нарбутинді Павлодар СИЗО-сына жақында ауыстырған, сол себепті осынша қысқа уақытта оның радикалды көзқарасынан бас тартқанын анықтау мүмкін емес.

«Алмаз діни білімі жоқтығын,Абу Ханифа мазхабының ақидасыноқып, үйренуге әзір екенін мойындады. Ол адамдарды намаз оқымағаны  үшін кәпірге шығаруға құқығы жоқтығын айтты. Жалпы Алмаз өзін ашық ұстады, адасқанын мойындады.Оның мінезінен жихадшыға тән агрессияны байқамадым. Әрине, бұл қуантады. Бірақ оның радикалды деңгейі туралы шешім қабылдауға әлі ерте, ол өз ойын емес, өзінен күтілген жауапты айтуы мүмкін» дейді теолог.

Психолог- реабилитологГүлнәз Раздыкованың пікірінше, соғыстан тірі қалған адамныңбұзылған санасын радикалсыздандыру үшін жылдар қажет. Бұл жағдайда Нарбутин жай куәгер емес, ұрыс қимылдарына қатысушы болды.

«Бұл жас жігіттің тап болған жағдайы адами тұрғыдан сөзсіз жанашырлық сезімін оятады. Бірақ сіз бен біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз жәнезаң тұрғысынан ойлауға тиіспіз. Сотта оның ҚР-да тиым салынған террористік ұйым мүшесі болған кінәсі дәлелденді, бұл біз таласа алмайтын факт.

Арада болған әңгімені талдау көрсеткендей, оның сөздерінде өз ісіне өкіну жоқ. Мен дәрігер емеспін, оның жарақатына баға бере алмаймын. Бірақ оңалтушы- маман ретінде оны қоғаммен қарым- қатынас жасауға дайын және өз іс-әрекеттеріне жауап бере алады деп қорытынды жасауға әлі ерте дер едім.

Олардың бірнеше жыл Сирия аумағында болғандары жасырын емес және олар біртіндеп жойылды, сананың радикалдануы біртіндеп болды, туыс- жақындарын да, денсаулықтарын да біртіндеп жоғалтты.

        Мен оған да, бізге әлі уақыт керек деп ойлаймын. Қалпына келтіру процесін асықтырып қажеті жоқ, Кейде оңалту жұмысы жылдарға созылуы мүмкін. Бірақ оның Сирияда көргенін, ол жерде әділеттіліктің, исламның болмағанын ашық айтқаны маған ұнады. Бұл үшін батылдық қажет, өзінің қателігін көпшілік алдында ашық мойындау – бұл шешімді адамдардың тағдыры.

        Экстремист болу және өз халқына қауіп төндіру дегеннің не екенін саналы процестер деңгейінде түсінуі үшін онымен күшейтілген жұмыстар жүргізуіміз қажет»,- дейді эксперт.

        Павлодар облысы қылмыстық- атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Мақсат Ашимовтың айтуынша, А.Нарбутинды Павлодар облысының бас травматологы, хирург, терапевт, дерматолог-дәрігерлер қарап, бактерияға қарсы терапия жасаған.

«Бүгінгі күні сотталушы  А.Нарбутинның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық»- дейді Мақсат Төлегенұлы.

Сириядан оралған адамдарды дерадикализациялау бойынша тәжірибесі бар мамандардың сақтануының барлық себебі бар. Бір жағынан, ауру жас адамның денсаулығына қауіп төндіруде. Бірақ екінші жағынан терроримзмен сотталған адамды ашық медициналық мекемеге орналастыру айналасындағы адамдарға нақты қауіп төндіреді.

Соғысқа қатысқан адамдардың жараланған сана-сезімі соғыстың агрессиясы мен  қатігездігінен тез арада арыла алмайды.

Kazislam.kz

Орысшадан аударған «Дүрбі» газеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close