Жаңалықтар

Атырауда діни кітаптар саудасымен айналысатындар ұсталды

Діни әдебиеттердің заңсыз саудасымен айналысатындар Атырау қаласындағы «Дина» базарынан ұсталған.

Атырау полиция департаментінің экстремизммен күрес басқармасы Атырау облысы Дін істері басқармасымен бірлесіп 9-11 қыркүйек аралығында рейд өткізді. Бұл жайлы Polisia.kz. хабарлады.

Рейд барысында «Дина» базарындағы сауда орындарының бірінен үш діни кітап тәркіленді. Дін тақырыбындағы балаларға арналған кітапшалар «Тамаша» ойын-сауық орталығындағы «Еркемай» дүкенінен де табылған.

Сондай-ақ діни орындар, қайырымдылық мекемелері мен ірі сауда орындары да тексеріліп, олардан құқықбұзушылықтар табылмады.

durbi.kz

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close