Тал бесік
Зейнеп Ахметова: «Батыс келіп жалаңаштады, Шығыс тұмшалады. Қазақ қайда қалды?» (ВИДЕО)
Батыр Бауыржан Момышұлының келіні, Бақытжан Момышұлының жұбайы, жазушы, қазақтың дәстүрін насихаттаушы Зейнеп Ахметова: «Батыста заң басым. Заң тыйым салмаған нәрсенің бәрін жасайды. Шығыс дінге бағынады. Мұсылман елдерінде дін заңнан үстем болады. Заң да, дін де қорқытып, сескендіріп бағындырады. Бірақ екеуінде де «ұят болады» деген сөз жоқ. Ал біздің қазақ бір ауыз сөзбен тәрбиеледі. Ұят деген ұлы ұғым. Соны жұлмалап жатыр. Батыс келіп жалаңаштады, Шығыс келіп тұмшалады. Сонда қазақ қайда қалды? Бір уыс қазақтың шақшадай басы шарадай болды. Қазақ ешқашан Құдайсыз болған жоқ. «Құдайсыз қурай да сынбайды» дейді. Жаман адамды «құдайсыз», жақсы адамды «Құдайы бар екен» деген. Бірақ қазақ фанатик емес. Текті халық» дейді. Толығырақ: