Жаңалықтар
Желіде экстремистік аудиожазбалар таратқаны үшін Петропавл қаласының тұрғынына айыппұл салынды
Петропавл қаласының 48 жастағы тұрғыны Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салынған аудиожазбаларды таратты деп ұсталды, деп kazislam.kz хабарлайды.
Әйел экстремистік сипаттағы материалдарды таратқаны үшін айыппұл төлеуі керек.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде діни мазмұндағы аудиофайлдарды тапты. Дінтану сараптамасы анықтағандай, жазбада насихатталған кітаптарға тыйым салынған.
Аудиожазбаларда айтылған шығармалар соттардың шешімі бойынша экстремистік деп танылған және Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салынған.
Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 48 жастағы облыс орталығының тұрғынын ҚР ӘҚБтК — нің 453-бабы 2-бөлігі бойынша 20 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты, — деп хабарлады СҚО ПД.