Жаңалықтар

Ақтау полицейлері деструктивті діни ағымның жақтастарын ұстады

Ақтауда 1-шағынауданда деструктивті діни ағымның жақтастары ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шұғыл құрықтау опеарциясы кеше Ақтаудағы 1-шағынаудандағы жағалауда болды.

Күдіктілерде атыс және травматикалық қару-жарақ пен оларға арналған оқ-дәрі табылды. Қазіргі уақытта сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

«Облыс аумағында деструктивті діни ағым жетегінде жүрген адамдарды қадағалау барысында 8 желтоқсанда Маңғыстау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің және ЖПБ қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Ақтау қаласының 1-шағын ауданы жағалауы ауданында үш автокөлікте болған бір топ адамды ұстады» деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Ұсталғандардан үш атыс қаруы, төрт мылтық пен оқ-дәрі тәркіленді.

Аталған факті бойынша Ақтау қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close