Жаңалықтар

Исламтанушы ғалым «Құрмет» орденімен марапатталды

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Нұр-Мүбарак университетінің аға оқытушысы, islam.kz порталының бас редакторы, PhD әрі Нұр-Мүбарак мешітінің бас имамы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Қайрат Жолдыбайұлы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына, ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан орасан үлесі, қоғам өміріндегі белсенділігі үшін бірқатар ел азаматтары мемлекеттік марапаттарға ие болды. Өнеркәсіп, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, әскери, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.

«Құрмет» орденін дінтанушыға ҚР Президенті Қ.Тоқаев табыстап, шынайы сенімін білдірді.

Қазақ қоғамы Қайрат Жолдыбайұлын қоғам талқылауындағы өзекті мәселелерге батыл ой айтуы арқылы жақсы біледі. Соңғы жылдары қоғамға пайдалы істердің ортасынан табылатын дінтанушы ғалым әсіресе пандемияның өршіген кезінде қайырымдылық шараларының бастауында тұрды.

Қайрат Жолдыбайұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жіберуімен тоқсаныншы жылдардың ортасында Түркия, Мысыр елдерінде білім алған. Кейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің Дінтану бойынша магистратурасын тәмамдаған. «Нұр-Мүбарак» университетінде ұстаздық қызмет етті. Кейін ҚМДБ-да түрлі қызметте болып, Астана қаласында салынып жатқан Хазрет Сұлтан мешітінің бас имамы, Бас муфтидің бірінші орынбасары қызметтерін де атқарды.

Жат діни ағымдармен күресте ерекше орны бар дін қайраткерін мемлекеттік марапатпен құттықтаймыз!

durbi.kz

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close