Жаңалықтар
Бикбауов 6 жылға сотталды
«Жусан» операциясымен елге оралған оралдық Валихан Бикбауовтың соты 2021 жылдың 18 ақпаны күні болды. Ол 2013 жылы әйелі мен 3 баласын алып Сирияға кеткен еді.
В.Бикбауовтың үстінен ДАИШ халықаралық террористік ұйымының құрамында қақтығыс аймағында соғысқа қатысқаны үшін қылмыстық іс қозғалған болатын. №2 Орал қалалық сотының шешімімен В.Бикбауов ҚР Қылмыстық Кодексінің 256-бабы 1-бөлігі жане 174-бабы 1-бөлігі бойынша 6 жылға қатаң режимге бас бостандығынан айырылды.
durbi.kz