Көкейкесті

Мақсат НАЗАРОВ, теолог-дінтанушы: «Хиджаб, ниқаб, паранжа – қазақтың киімі емес»

 Олар – араб пен иранның ұлттық киімі. Ол жақтың хиджаб кию себебі табиғи ерекшелігіндегі ауа райы қатты ыстық, құм суырылып, желмен бетіне ұрудан қорғану үшін, жүзін жауып киген. Қазақ елінің табиғат ерекшелігіне

сәйкес өзіне жарасымды дәстүрлі киім үлгілері бар.

Шариғатта фиқһ – әурет деп киіммен жабық тұратын дененің бөлігі айтылады. Әйелдің әуреті екі түрге бөлінеді:

1) Намаз кезінде;

2) Намаздан тыс кезде және намаздан тыс кездер бірнеше түрге бөлінеді.

Намаз кезінде әйелдің жүзі, қолынан басқа жердің барлығы жабық болуы міндетті.

Ханафи мәзһабы бойынша әурет жері дененің кіндіктен тізеге дейінгі бөлігі болып табылады. Әйел адамның туысқандарына денесінің мына бөліктерін: бас, шаш, мойын, көкірек, иық, қолдары (толық) және тізеден төмен аяқтарын көрсетуге рұқсат етілген. Олардың алдында дененің кіндіктен тізеге дейінгі бөлігін көрсетуге тыйым салынған.

Шариғаттың бұл шешімі «Нұр» сүресінің аятына негізделген: «Иман келтірген әйелдер зейнетті жерлерін туыстарынан басқа адамдарға көрсетпесін» (24:31). Намаз кезінде әйел адамның шашы толық жабық болуы керек, ал намаздан тыс кезде әйелдің шашының көрінгені айып емес және дәстүріміздегі бас киім үлгілері – бөрік, тақия т.б. бас киімдермен реттелген.

Сондықтан сәләфи ағымы өкілдерінің  «намаздан тыс әйел адамның бір тал шашы көрінсе, тозақы болады»  деген көзқарастары дұрыс емес.

Қазақ қыздарының бас киімі басты жылы ұстауымен қатар, қыздың отбасылық жағдайына қарай өзгеріп отырады. Күйеуге тиген әйелдер тайпалық топтарға байланысты бас киімнің әр түрлі нұсқасын киетін, бірақ еліміздің барлық жерінде қыздардың бас киімі бірдей болатын. Қалыңдық сәукелені тойға киіп, сонан кейінгі жылдары маңызды мерекелерге киетін болған. Байлардың отбасында сәукеленің темір әшекей тастарын алтыннан жасайтын. Қысқасы, ұлттық нақышымыздан ажырамай, дүниенің еш елінде жоқ көздің жауын алатын сән – салтанатты бас киімдерімізді жаңартып киіп, асыл әжелеріміздің қалдырған аманатына адал болайық!

Намаз кезінде әйел адамның шашы толық жабық болуы керек, ал намаздан тыс кезде әйелдің шашының көрінгені айып емес және дәстүріміздегі бас киім үлгілері – бөрік, тақия, тағы да басқа бас киімдермен реттелген.

Сондықтан сәләфи ағымы өкілдерінің  «намаздан тыс әйел адамның бір тал шашы көрінсе, тозақы болады»  деген көзқарастары дұрыс емес.

сурет: smartnews.kz

 

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close