Жаңалықтар

Ақтөбе облысының дін істері басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Бүгін, 2019 жылдың 12 ақпанында Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен облыстық дін істері басқармасының басшысы болып Әлімбек Тұралиев тағайындалды.

Әлімбек Жәнібекұлы бұған дейін Ақтөбе облысы әкімінің аппараты облыстық терроризмге қарсы күрес комиссиясының жұмысын үйлестіру бөлімінің басшысы қызметін атқарған болатын.

1987 жылы Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Жайсаң ауылында өмірге келген.

2008 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы ретінде бастаған (2008-2010 жж.). 2010-2012 жылдары Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, 2012-2014 жылдары Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, 2014-2015 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі және 2015-2017 жылдары Ақтөбе облысы әкімі аппараты жұмылдыру дайындығы және құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінде қызмет атқарған.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close