Жаңалықтар

Жастар санасына мықты иммунитет қалыптастыру маңызды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармаларының ұйымдастыруымен «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференция өтуде. Оған қатысқан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жастардың санасына жат ағымдарға қарсы мықты иммунитет қалыптастыру маңызды екенін атап өтті, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.  

«Радикализмге адамдар қандай себеп бойынша бұрылып кететінін анықтау қажет. Оған жекелеген адамдарды гуманистік, интеллектуалдық, мәдени жағдайлар да итермелеуі мүмкін. Сондықтан да заманауи зайырлы мемлекеттің дін өкілдері аймақтардағы дәстүрге мән беріп, мәдени бағыттағы, ғылым мен білім саласындағы артықшылықтарды ескеруі тиіс деп ойлаймын.
Біз жас ұрпақтың дүниетанымын дұрыс қалыптастыруымыз керек. Қазіргі жастар өз пікірлерін ашық айта алады. Олар бәсекеге қабілетті, білімге құштар. Ең бастысы – олардың санасына жат ағымдарға қарсы мықты иммунитет қалыптастыру маңызды», – деді Дәурен Әскербекұлы.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close