Жаңалықтар

Ораза қандай жағдайда бұзылады?

1. Таң атқаннан күн батқанға дейінгі аралықта жеу, ішу, жыныстық қатынаста болу (ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды).
2. Дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау және темекі тарту.
3. Әдейі құсу әрі ауыз толы құсықты жұту. Ал ұмытып ішіп-жеу, қан алдыру, ауыз, мұрынды шаю, шомылу, төбеден су құйынып жуыну, бой дәретсіз таң атыру, еріксіз құсу, көзге сүрме жағу, еріксіз тамағына түтін, тозаң, шыбын кіру, түкірік жұту, тістің арасындағы бұршақтан кішкене нәрсені жұту – бұл нәрселер оразаны бұзбайды.

ЕСКЕРТУ:
• Қасиетті Қадір түні – 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн.
• Сәресі ішу таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады.
• Ауызды ақшам намазының уақыты болысымен құрмамен немесе сумен және т.б. жеміспен де ашуға болады.
• Тарауық намазы Құптан намазынан кейін оқылады, ал Үтір намазы ең соңынан (мешітте болса) жамағатпен оқылады.
• Пітір садақаны Рамазан айының басынан айт намазына дейін беруге болады. Пітір садақа – кісі басына 300 теңге.
• 5 маусым – ораза айттың бірінші күні. Айт намазы Атырау уақыты бойынша таңертең сағат 7:00-де оқылады.
• Оразаға ниет: Алла Тағаланың разылығы үшін қасиетті Рамазан айының оразасын ұстауға таң атқаннан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім.
• Ауызашар дұғасы: «Жаратқан Ием! Сен үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық-несібеңнен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла, менің алдыңғы және кейінгі күнә-кемшіліктерімді кешіре гөр!».

Дайындаған Баян ЖАНҰЗАҚОВА,
меншікті тілші,
Атырау облысы

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close