Жаңалықтар

Атыраудың бас мешітінде 1 миллион теңге көлеміндегі зекет таратылды

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров 1 миллион теңге көлеміндегі зекетті 40 отбасыға таратып берді” деп хабарлайды орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз қызметі.

Негізінен әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж жандарды қамтыған шара кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров Рамазанның зекет айы екендігін атап өтті.

«Рамазан – зекет айы. Рамазан – рақымшылық айы. Осынау қасиетті айда көп адам сауапты амал жасауға асығады. Алла Тағала біреуге дәулет, мал-мүлік береді. Дәулеті жеткен азаматтар Рамазанда мал-мүлкінің белгілі бір бөлігінен зекет береді. Ал, жағдайы жетпеген азаматтар Алла Тағаланы зікір ету арқылы, сауапқа кенеледі» деді Бас имам Батыржан Мансұров.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close