Басты тақырып

Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне дауыс берген Қазақстан азаматтарына алғыс айтты

2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылардың 77,5 % дауыс берген. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны 71 624 немесе барлық бюллетеньдердің 0,59 пайызы. Жойылған бюллетень саны – 793​ 010.

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат болып 7 адам дауысқа түсті.
Дауыс беру кезінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар төмендегідей дауыс жинады:

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы – 167649 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,82 пайызын;

Еспаева Дәния Мәдиқызы – 465714 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 5,05​ пайызы;

Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы -1495401 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 16,23 пайызы;

Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы – 280451 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,04 пайызы;

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы – 182898 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының ​ 1,98 пайызы;

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы – 6539715 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының ​ 70,96 пайызы;

Түгел Сәді-Бек – 84582 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0, 92 пайызы.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 65-бабына сәйкес 1953 жылы туған, қазақ, «Nur Otan» партиясының мүшесі, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Нұр-Сұлтан қаласында тұратын Қазақстан Республикасының сайланған Президенті болып саналады.

Ақордада отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ең алдымен маған дауыс берген Қазақстан азаматтарына алғысымды айтқым келеді. Бұл үлкен жауапкершілік. Бұл жауапкершілікті орындау мен үшін үлкен міндет. Бұл – халықтың сенімі. Сайлау жоғары деңгейде, әділ және ашық өтті. Сайлау барысын мыңнан астам халықаралық байқаушы қадағалады. Әлемнің 40 елінен келген 350-ге жуық шетелдік журналистер дүниежүзіне хабар таратты», – деді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы сайлаудағы қарсыластарына да алғыс​ айтты. «Бұл сайлаудың ерекшелігі – көп кандидаттың тіркелуі. 7 кандидат сайлауға қатысты. Олар өз бағдарламасын жариялау мүмкіншілігіне ие болды. Сондықтан бұл сайлау қызықты, өте ашық түрде өтті деп айтуға болады. Олардың ұсыныстары, пікірлері өте ұтымды болды. Ең пайдалы ұсыныстарын міндетті түрде мен өз жұмысым барысында пайдаланамын. Сондықтан өзге канидаттарға, өзге үміткерлерге алғысымды білдіргім келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант беру күні 2019 жылғы 12 маусымға белгіленді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы мәлім етті.

«Дүрбі«

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close