Жаңалықтар
Теолог студенттермен кездесті
Атырау облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысы негізінде жоғары оқу орнының студенттерімен Орталықтың мәжіліс залында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев пен Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің докторанты, теолог А.Сабдин қатынасты.
Тақырып аясында сөз сөйлеген теолог А.Сабдин: «Бүгінде діни экстремизм мен терроризм әлемдік қоғамдастықты қатты алаңдатып отырған мәселеге айналды. Әрине, заманауи әлемнің қатеріне айналып отырған осынау зұлматтан біздің еліміз де сырт қала алмасы анық. Ол бүкіл қоғамның тізе қосып, күш біріктіруін қажет етеді» – дей келе, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөнінде ой қозғады.
Кездесу соңында қатысушылар теолог маманға сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты.