Басты тақырыпЖаңалықтар

«Сирияда балалар гомосексуализмі бар» (ВИДЕО)

Жыл басынан бері «Жусан» операциясының үш кезеңімен Қазақстанға Сириядан 357 бала  оралды.

 Астана қаласында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҰҚК департаменті басшысы Б.Рахымбердиевтың айтуынша күні бүгін Сирияда 300 қазақстандық қалды. Олардың 150-170-і балалар.

ЮНИСЕФ халықаралық ұйымының мәліметінше, ДАИШ және басқа да террористік ұйымдардың құрамындағы отбасылардың 29 000 баласы әке-шешесінің кесірінен жазықсыз жапа шегіп отыр. Олардың дені 12 жастағылар. Бақытты балалық  шақтары көздерінен бұлбұл ұшқан бұл балалардың 70 пайызы Ирактан болса, қалғаны әлемнің 60 елінікі. Оның ішіндебасында шамамен Қазақстаннан 500 бала болды.

ДАИШ ұйымы балаларды соғыс тәсіліне баулып,қаруды қолдануға, адам өлтіруде үйретіп, олардан «Террорист-жанкешті» дайындаған. Оның дәлелі – Түркиядағы «Жанкешті бала»  жасаған теракт. Сирия мен Иракта балаларды соғысқа тарту кейде әке-шешесінің келісімінсіз де жүзеге асырылуда.

Осындай ортаға тап болып, кейін көлікте өзін-өзі жарып жіберуге келіспеген оралдық  жасөспірім Абай Хамзалинов ДАИШ содырларынан қашып шығып, елге аман оралған балалардың бірі.

Әйелдер мен балалардың құқығы қорғалмайтын, адамдық аяққа тапталған Сирия мен Ирактағы соғыс аймағында бала зорлығы да етек жайған. Бұл туралы Сириядан оралған оралдық келіншек Динара Ескендірова айтып берді.

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close