Жаңалықтар
Білікті теолог Атырауда семинар өткізді
Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысы аясында жастар ортасында діни радикализм идеологиясының таралуын алдын алуға, дәстүрлі сана мен қоғамдық құндылықтарды нығайтуға бағытталған «Жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту және мемлекеттің зайырлылық тірегін нығайту» тақырыбындағы семинар өтті.
Семинар жұмысына облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев, республикамызға белгілі теолог, Ақтөбе қаласы «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы басшысының орынбасары Т.Талдыбаев, «Шапағат» қоғамдық қорының директоры М.Тұрлыбеков, қақтығыс аймағынан оралған әйәл азаматшалар, Атырау қаласының ұстаздары мен мәдениет қызметкерлері, орталық мамандары қатынасты.
Орталық басшысы М.Құбышев тақырыптың маңыздылығына тоқталып өтті. Сонымен қатар, семинар барысында Жусан операциясы аясында Атырау облысына оралған жерлестеріміздің қоғамға бейімделуі жайында сөз қозғалды.
«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы басшысының орынбасары Т.Талдыбаев қазіргі уақытта «Жусан» операциясымен елге оралғандар жөнінде айта келе, оларға теологиялық, психологиялық, әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты көмек көрсетіліп жатқандығына тоқталды. Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапқан осындай игі шаралар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
Шара соңында қатысушылар теологтарға өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, тиісті жауаптарын алды. Сондай-ақ, ақпараттық-танымдық материалдар таратылып, сертификаттар табысталды.
durbi.kz