Жаңалықтар

Дін мен дәстүр сабақтас

Бұл жайлы «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қазақтелеком» АҚ Батыс ӨТД филалының қызметкерлеріне «Ислам құндылықтары мен қазақ дәстүрінің ұштастығы» тақырыбында өткен кездесуде айтылды. 

Аталған шарада облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары, мәдениет қайраткері, облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Серік Мұхамбетов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының тарихшы маманы Ернар Абзалов ислам құндылықтары мен қазақ салт-дәстүрі арасында сабақтастық пен үндестік жайлы әңгімеледі. Әсіресе, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) сүннеті мен хадистері әдет-ғұрып ретінде қалыптасып, халқымыздың мәдениеті төрінен орын алғандығын жеткізді. Соңғы кезде елімізде дәстүрлі емес діни ұйымдардың үгіт-насихатына жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы және отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, дәстүрлі дінді терең білмейтіндер, әсіресе, жастар тез ілігуде екендігін сөз етті. Сонымен қатар, жалған діни ағымдардан сақтанудың жолдары мен зияндарын түсіндірді.

Шара соңында қатысушылар тарапынан түрлі сауалдар мен ұсыныстар айтылды.

durbi.kz

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close