Жаңалықтар
Түсіндіру тобы белсенді жұмыс жасауда
Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» «West Dala» ЖШС мекемесінің қызметкерлеріне «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары» тақырыбында кездесу өткізді.
Аталған шараға білім саласының қызметкері, облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Темірбек Марданов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының дінтанушысы, тарихшы Ернар Абзалов, маман Айнұр Тергеусизова қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиын барысында АТТ мүшесі Е.Абзалов оқушыларға Қазақстан аумағындағы таралып жатқан діни ағымдар туралы қысқаша мағлұмат беріп, оқушылармен сұрақ-жауап айдарын өткізіп, слайдтар көрсетті. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдар, атқарылатын шаралар туралы, ұлттық иммуниттет қалыптастыру, діни сауаттылықты арттыру мен қазақ даласындағы ислам тарихы мен конфессияаралық қысқаша алдын-алу іс-шараларын, аудан тұрғындарының діни және құқықтық сауатын арттыру, діни кеңістіктегі сұрақтарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру, сондай-ақ дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамдағы қызметі мен іс-әрекетін қарапайым халыққа түсіндіру, қазақ жеріндегі Ислам дінінің келуі мен оны дамытқан тұлғалардың еңбектерімен таныстырылды.
Сондай-ақ, «Шапағат» ҚҚ қызметкері, Сириядан оралған А.Тергеусізова өзінің бастан өткізген тағдырымен бөлісіп, арнайы дайындаған слайд жұмысы арқылы, арбанудың жолдарын түсіндіріп өтті.