Жаңалықтар

Атырауда дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері білімдерін арттырды

Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру топтарының әртүрлі деңгейдегі мүшелерін даярлау курсын өткізді.

Аталмыш іс-шарада Атырау облысының әр түрлі деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері қатысты.

Бағдарламаның негізгі артықшылығы – дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырушы тұлғаларға қажетті теориялық біліммен қатар, практикалық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған 4 күнге созылған курс бағдарламасы 40 академиялық сағатқа құрылған.

Көпшілік алдында сөз сөйлеу, көпдеңгейлі тестілеуден өту түріндегі практикалық жұмыстар курсқа қатысушылардың мүмкіндіктері мен әлеуеттерін айқындауға жол береді,- деп атап өтті ұйымдастырушылар. Оқу бағдарламасын толық меңгерген тұлға тұрғындармен жүргізілетін ақпараттық түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыра алатын экстремистік идеологияларға қарсы тұра алатын маман ретінде қалыптасады.

Қатысушыларға Қазақстан тарихы мен мәдениеті, саясаттану, дінтану, Ислам және Православиелік Христиандықтың негіздері, Протестанттық және жаңа діни ағымдар, психология сынды пәндерден дәріс беріліп, шешендік өнерінің негіздері бойынша материалдар ұсынылды. АТТ мүшелері өз ойларын ортаға салып пікір алмасу сәтімен жалғастырды,

Іс-шара соңында қатысушыларға Атырауға арнайы іссапармен келген ҚР Қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов сертификаттар мен куәліктер табыстады.

Нүркен ƏМІРАШЕВ,

Атырау қаласы

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close