Жаңалықтар
Деструктивтік діни ағымдардың уағызшылары мен діни кітаптары туралы оқушыларға түсінік берілді
Бүгін Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округіндегі Еңбекші жалпы орта мектебінде кездесу өтті.
«Жастар және имандылық» тақырыбына арналған кездесуге облыстық Дін істері басқармасы ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы Е.Боранғалиев, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Т.Агорынов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Н.Хаван қатынасты.
Орталықтың бөлім басшысы Е.Боранғалиев ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң талаптары, сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453 және 490-бабы бойынша сөз қозғады.
«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Н.Хаван, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көркем мінезі мен деструктивтік діни ағымдағы азаматтардың мінез-құлқын салыстыра отыра, айырмашылықтары, деструктивтік діни ағым өкілдерінің белгілі бір хадисті тіке мағында түсіну және қабылдауы жөнінде, деструктивтік діни ағымдардың уағыздаушылары мен діни кітаптары туралы оқушыларға түсінік берді.
2013 жылы «Терроризм» бабы бойынша сотталып, жазасын өтеп шыққан Т.Агорынов басынан өткен жайды баяндап берді. Мектеп оқушылары АТТ мүшесі Т.Агорыновтың әсерлі әңгімесінен ой түйіп, ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауап берілді. Кездесу соңында қатысушыларға ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.