Жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Атырау облысының әкімі Н.Ноғаевқа және Атырау облыстық дін істері басқармасы мен «Ақпараттық талдау орталығы» КММ ұжымына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитеті төрағасының орынбасары М.Комиссаровтан және KAZDREAM компаниялар тобының бас директоры Д.Төлебаевтан алғыс хат келді.
Онда былай делінген:
Құрметті Нұрлан Асқарұлы!
Сізге ғаламторда діни экстремизмді насихаттауға қарсы әрекет саласындағы отандық инновациялық шешімдерді дамытуға қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс білдіреміз.
Біздің бірлескен жұмысымыз Атырау облысының тұрғындарын деструктивтік діни ағымдарға тартудың алдын алады деп сенеміз.
Екінші алғыс хатта:
Атырау облысы әкімдігінің Атырау облысы дін істері басқармасыжәне «Ақпараттық – талдау орталығы» КММ ұжымдарына
Ғаламторда діни экстремизмді насихаттауға қарсы әрекет саласындағы отандық инновациялық шешімдерді дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс білдіреміз» делінген.