Жаңалықтар
Атырауда «Пайғамбарлар падишасы Әз Мұхаммед» атты Мәуліт рухани кеші өтті
Атырау халқы қасиетті Мәуліт мерекесін атап өтті. «Пайғамбарлар падишасы Әз Мұхаммед» тақырыбымен өткен рухани кешке жұртшылық мол жиналды.
тырау қаласы орталығындағы Халық шығармашылығы орталығы ғимаратында өткен рухани кеште Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жұртшылықты мерекемен құттықтады.
«Мәуліт – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірге келген айы. Бұл айда мұсылман баласы Пайғамбарымызды (с.ғ.с) дәріптеп, салауат айтып, оның өмір жолынан үлгі алуға ұмтылуы керек. Отанды сүю, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты мәселелердің барлығында бізге Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірі үлгі болады» дейді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Ерекше атап өтерлігі, бұл күні Мәуліт термеші Жәкен Омаровтың орындауында қазақша айтылды. Рухани кеш барысында «Өнер қырандары» театры өнер көрсетті. Сонымен бірге, елімізге белгілі әншілер өз өнерлерін ортаға салды.