Жаңалықтар
Құрманғазы ауданының оқушыларымен кездесті
Атырау облысындағы «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының ұйымдастыруымен Құрманғазы ауданы Абай атындағы мектепте «Болашаққа бағдар – білім мен тәрбие» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге теолог Еламан Бегалиев қатысып, тақырып аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Шапағат» орталығы теологы Е.Бегалиев бүгінде жан-жақты білім аламын деген жастарға мемлекет барынша жағдай жасап отырғандығын атап өтті.
-Кез-келген ата-ана өз баласының болашақта білікті маман, ұрпақ жалғастырар азамат пен азаматша болғанын қалайды. Алайда, ата-анасының үмітін ақтамай теріс жолға түсіп кететін бойжеткендер мен бозбалалар қаншама. Дінді ұстанамын деп, адасып, тіпті шетел асып кетіп жатқандар қаншама. Біздің мақсатымыз мектеп оқушылары, жоғару оқу білім ордасының студенттеріне, бойжеткен азамат пен азаматшаларға жат ағымның жетегіне еріп кетпеуі үшін оларға дұрыс ақпарат айтып, көкейдегі сауалдарына тұщымды жауабымызды беру, үгіт-насихат жұмыстарын өткізу – деді теолог.
Дінің атын жамылып, бүлдіргіштер көбейді. Кейбір адасқан жастар экстремизм құрағына түсіп, жауапқа тартылып жатқан азаматтарда жеткілікті. Шектен шыққан көзқарастар мен іс-әрекеттер етушілерде өз көз қарастарында көрсетті. Жалпы Экстремистік ағым діни өшпенділікті, алауыздықты, зорлық-зомбылықты қоздырады. Ол адамдардың қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, таза дін жолын ұстануына, жеке бостандығына қауіп төндіреді. Экстремизмнің шығуының басты негізінің бірі діни сауатсыздық екендігін жеткізіп, оқушыларға слайд арқылы салафит, такфир, сурурит, хададия туралы ақпарат берді.
Кездесу соңында оқушылар көкейдегі сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.