Жаңалықтар
Қазақстанның екі қаласынан терракт жасамақ болған 5 адам ұсталды
Олардың барлығы деструктивті діни ағымда екені, бәрінің ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталғаны анықталды, деп хабарлайды durbi.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
-Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 27 қаңтарда Қарағанды және Тараз қалаларында терроризм күдігімен деструктивті діни ағымның 5 ұстанушысын ұстап, сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алды.
Көрсетілген адамдарға террористік топты құру, оған басшылық жасау және оның әрекетіне қатысу (ҚР ҚК 257-бабы), сондай-ақ терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды,- деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Аталған топ Қазақстан аумағында, оның ішінде адамдар көп шоғырланатын жерлерде террористік актілер жасау мақсатында құрылған. Қазір тергеу жалғасуда.
durbi.kz