Жаңалықтар
«Кимешек style»: Ақтөбеде ұлттық бас киімге арналған шара өтті
Ақтөбе қаласындағы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының мамандары қазақ қыз-келіншектерінің ұлттық бас киімдері туралы тың мағлұматтар беріп, жас ерекшеліктеріне сай бас киім үлгілерімен таныстырды. Бұл жайлы аталған орталықтың ресми парақшасы ақпарат таратты.
Теолог маман Роза Бақытқызы келіндер мен әжелердің кимешек кию ерекшеліктеріне тоқталды. Кимешек түрлері: орама кимешек, қатырма жаулық, шылауыш туралы ақпарат беріліп, жас келін перзентті болғанда жасалатын «Кимешек кигізу салты» туралы айттылды. Жас келін ана атанғанға дейін желек жамылып жүрген екен.
⠀⠀⠀
⠀⠀⠀
Орталықтың психолог маманы Эльмира Қайырғалиқызы ұзатылған қыз киетін, аса бағалы, биік төбелі салтанатты бас киім – сәукеле туралы ақпарат берді. ⠀⠀
⠀
⠀⠀⠀
Өз кезегінде Гүлзат Мұратқызы қасаба, тақия, кәмшат бөрік, қарқара сияқты қыздар бас киіміне тоқталды. Қасаба-артында желегі бар аса ұқыптылықпен, зерлі тігістен басқа да әртүрлі моншақтармен, күміс теңгелер, маржан тастармен әшекейленетін бас киім. Қасаба көбіне төре, сұлтандардың қыздары киетін бас киім саналған